Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін футболдан UEFA Суперкубогы өтеді

Бүгін футболдан UEFA Суперкубогы өтеді

Футболдан UEFA Суперкубогында Испанияның «Реал Мадрид» және Германияның «Айнтрахт» командасы кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ойын 10-нан 11 тамызға қараған күні елорда уақытымен 01.00-де Финляндия астанасы Хельсинки қаласындағы «Олимпийский» стадионында өткізіледі. Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Былтыр «Реал Мадрид» Ла лигада чемпион атанды. Одан кейін UEFA Чемпиондар лигасы финалында Англияның «Ливерпуль» командасын (1:0) сүріндірді.

Ал «Айнтрахт» бундеслигада небәрі 11-орында тұрақтады. Ал Еуропа лигасы финалында Шотландияның «Рейнджерс» (1:1, 5:4, пенальтиден) командасынан басым түсті.

UEFA Суперкубогының бастау алғанына биыл тура жарты ғасыр толып отыр. Қазірге дейін «Реал Мадрид» аталған турнирде жеті мәрте бақ сынады. Оның 4-інде жеңімпаз атанса, 3-інде қарсыласына есе жіберді. Ал «Айнтрахт» аталған турнирге тұңғыш мәрте қатыспақшы.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан кубогында «Тобыл» ширек финалдан шет қалды.
10 тамыз 2022 ж. 511 0