Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

№ 52 газет

15 шілде 2025 ж.

№ 51 газет

12 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Спорт – шеберліктің шыңы

Спорт – шеберліктің шыңы

Спорт адам өміріндегі ерекше маңызға ие сала. Ол тек денені шынықтырып, денсаулықты жақсартумен шектелмейді. Спорт – төзімділікке, табандылыққа және тәртіпке баулып, адамның мінез-құлқын қалыпқа келтіреді. Ал бұл салада жоғары жетістікке жете білу үшін жауапкершілікті сезіне жүріп, үздіксіз еңбектену маңызды. Осындай ережесіз жекпе-жек, грепплинг, панкратион, ММА, қоян қолтық ұрыстан шәкірт тәрбиелеп, облыстық, республикалық, халықаралық турнирдің жүлдегерлерін дайындап жүрген аудандық спорт клубының жаттықтырушысы Данияр Бахытұлының қосқан үлесі орасан зор.

Әр саланың өзіндік ерекшелігі, қиыншылығы, соқпақ жолы болары анық. Бірақ сол бір қиыншылық пен соқпақ жолды еңсеріп, сүрінсе қайта тұрып, жүріп өту нағыз ерліктің бейнесі. Осындай ерлікпен, жігерлігін көрсетіп, үздіктердің қатарынан көрініп жүрген Сыр елінің спортшылары аз емес. Аудан бойынша спорттың жекпе-жек түрінде қазіргі таңда 70-тен астам спортшы жаттығып, өз бақтарын сынауда. Оның жетеуі республикалық, халықаралық турнирдің жеңімпаздары. Жаттықтырушысы Данияр Жүсіпбаев бастаған жасөспірімдер бүгінде аудан мерейін асқақтатып жүр.

Осы жылдың басында панкратион спорт түрі бойынша өткен рес­публикалық жарыста жерлесіміз 100 келіден жоғары салмақтан Мадияр Нұрғазы І орынды жеңіп алса, облыс біріншілігінде де балалар арасында өткен қоян-қолтық ұрыстан Сырдария спорт клубының спортшылары біршама жетістікке жетті. Сонымен қатар көктемде, Алматы қаласында өткен ережесіз жекпе-жектен республикалық турнирде 35 келі салмақта І орынды жеңіп, белдік иесі атанған Ерасыл Ерғалиев, 27 келі салмақта Арсен Бауыржан, 30 келі салмақ дәрежесінде Санжар Тұрабек, 2011-2012 жылғы туған жасөспірімдер арасында Арнұр Асанов, 55 келіден жоғары салмақта Нұркелді Нұрғазы, 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында Диас Кажденбеков және 63 келі салмақ дәрежесінде Мадияр Болатов жүлделі І орынды иеленіп, белдік иегерлері атанып қана қоймай, командалық есеп бойынша ІІ орынға табан тіреді. Сондай-ақ мамыр айында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында қоян-қолтық ұрыс пен «GAMMA MMA» бойынша сырдариялық спортшылар бақ сынап, жүл­дегер атанып, үздік номинациямен Альхафис Тоқшылық пен Мадияр Болатов марапатталды. Жақында ғана өткен облыс біріншілігінен де спортшылармыз құр қол қайтпады.

Бұл аталған марапаттар спортшы­ларымыздың жеткен жетістігінің бір бөлігі ғана екенін айта кетейік. Иә, бұл спорт шеберлігінің шыңына жеткен жаттықтырушысының маңдай тері мен спортшылардың үздіксіз еңбегінің жемісі. Шынында, әр спортшының арманы – шебер атану. Бұл мансапқа жетер жолда күнделікті тынымсыз жаттығу, өзіңе деген сенім мен табандылықты мақсат ете білу қажет. Спорт шеберлігі – ұзақ жолдағы қажырлы еңбектің нәтижесі. Мұндай дәрежеге жету үшін сырдариялық спорт­шылардың жеткен жетістігі біршама белесті бағындырғанмен бірдей.

– Қазіргі таңда Сырдария аудандық спорт клубының жекпе-жек бөлімінде 2 команда жаттығады. Әр командада 35-40 шақты жасөспірім мен балалар шыңдалады. Алдағы уақытта үшінші командаға спортшылар жинақтау ойда бар. Бүгінде облыстық біріншіліктен жүлделі орындарға ие болып отырмыз. Спортшылармыздың арасынан Қазақстан Республикасының чемпио­ны да, Азия чемпионы да бар. Олар қазір халықаралық турнирге дайындық үстінде. Әр оқушымның жетістігі мен үшін үлкен қуаныш. Спорт жолында жауапкершілікті сезініп, төзімділікке үйренді. Балалардың мінез-құлқында біршама өзгерістер бар. Балалықты қойып, жігіттікке аяқ басып келе жатқан сияқты. Бұл әрине бастамасы. Әлі де спортшыларымыз талай шыңды бағындырары сөзсіз, соған әрекет етеміз, – дейді жаттықтырушы Данияр Жүсіпбаев.


Гүлсезім ТАБЫНБАЙ

19 шілде 2025 ж. 305 0