Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионаты өтті

Қызылордада қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионаты өтті

Қызылорда қаласы жоғары спорт шеберлігі мектебінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қоян-қолтық ұрыстан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан чемпионаты өтті.

Ел чемпионатына Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және еліміздің 8 облысынан 11 команда 316 жасөспірім спортшы қатысты.

Жарыстың салтанатты ашылуында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспанов, облыстық жекпе-жек сайысы федерациясының президенті Әмірбек Шаймағамбетов және жарыстың бас төрешісі, халықаралық дәрежедегі төреші Марат Жұмаділов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыстың қорытындысы бойынша облыс құрама командасы медальдар саны жағынан көш бастап, бірінші орынды жеңіп алды. Жалпы қызылордалық жасөспірім спортшылар 25 медальді облыс қоржынына салды, оның 7-уі алтын, 5-уі күміс, 13-і қола медаль.

Екінші орынды Ақтөбе облысының спортшылары иеленсе, үшінші орынға Түркістан оьлысының командасы
табан тіреді.

Жекелей есеп бойынша:

ҚАЗАҚСТАН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
30 келі: Данияр Қалдыбай
30 келі: Жанель Жарқынбек
42 келі: Сағындық Тұрғанбай
50 келі: Тахир Тұрсынов
55 келі: Бақытжан Серікбай
60 келі: Нұрасыл Қайырбек
65 келі: Әлислам Әбдірахметов
КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРЛЕР
24 келі: Темірлан Сұлтанбек
30 келі Назерке Серікбаева
30 келі: Елдос Ыдырысұлы
33 келі: Мағжан Кеңес
+60 келі: Құралхан Айтмағамбет
ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРЛЕР
24 келі: Нұрислам Садықбай
27 келі: Азамат Садықбай
27 келі: Әбілмансұр Қайратұлы
30 келі: Бекзат Әлсейіт
33 келі: Диас Ержанұлы
33 келі: Берекет Жаңабекұлы
36 келі: Дәулет Құрбанов
39 келі: Сұлтанбек Исабаев
42 келі: Дидар Дайрабай
46 келі: Қаһарман Рүстем
46 келі: Жансая Тұрар
50 келі: Назарбай Құдайберген
60 келі: Бағдаулет Қасқырбай

Сондай-ақ, ел чемпионаты аясында қоян-қолтық ұрыстан жасөспірімдер арасында республикалық турнир ұйымдастырылып, Сыр спортшылары 22 медальмен бірінші орынды иеленді.

Спортшыларды жарысқа жаттықтырушылар Самат Қарымсақов, Әлжан Амангелді, Фараби Сауытбаев, Елдос Рысбаев, Бағлан Мығымбаев және жекпе-жектен облыстың аға жаттықтырушысы Дәуірбек Дәулетов дайындады.
19 шілде 2021 ж. 396 0