Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » 2023 жылдың үздік футболшысы анықталды

2023 жылдың үздік футболшысы анықталды

Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы 2023 жылдың үздік футболшысы атағына дауыс беру нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Kazinform.

Бұл тізімде Норвегия құрамасы мен «Манчестер Сити» командасының шабуылшысы Эрлинг Холанд 208 ұпаймен бірінші орынға жайғасты.

Одан кейінгі орында Килиан Мбаппе (Франция, ПСЖ), Лионель Месси (Аргентина, «Интер Майами»), Родри (Испания, «Манчестер Сити»), Джуд Беллингем (Англия, «Реал Мадрид»), Кевин де Брюйне (Бельгия, «Манчестер Сити»), Гарри Кейн (Англия, «Бавария»), Бернардо Сильва (Португалия, «Манчестер Сити»), Винисиус Жуниор (Бразилия, «Реал Мадрид»), Лаутаро Мартинес (Аргентина, «Интер») келеді.

Федерация аталған атақты 1988 жылдан бері тағайындап келеді. Алғашқы жылы оған нидерландтық Марко Ван Бастен лайықты деп танылды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Манчестер Сити» футболдан клубтар арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.

Фото: pixabay.com
27 желтоқсан 2023 ж. 282 0