Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның үздік клубы

Қазақстанның үздік клубы

Әйгілі Euroclubindex басылымы жуырда Еуропа клубтарының рейтингін жариялады.

Қазақстандық командалар арасындағы ең үздік көрсеткіш – Алматының «Қайрат» клубына тиесілі. Былтыр араға 16 жыл салып ел чемпионы атанған алматылық ұжым рейтингте 234-орында тұр. Ал бұған дейін алты рет Қазақстан чемпионы атанып, Еурокубок бәсекелерінде табысты өнер көрсетіп жүрген елорданың «Астана» командасы 243-орында келеді. Сонымен қатар «Ордабасы» (361-орын), «Тобыл» (363), «Жетісу» (435), «Шахтер» (454) және «Қайсар» (470) командалары ТОП-500 клубтың қатарынан көрінді.

Ал рейтингтің көшін былтырғы Чем­пиондар лигасының жеңімпазы – «Бавария» бастап тұр. Екінші орынға «Манчестер Сити» жайғасса, «Ливерпуль» үздік үштікті түйіндеді. Кейінгі орындарға «Барселона», «Реал», «Атлетико», ПСЖ, «Ювентус», «РБ Лейпциг» және «Манчестер Юнайтед» клубтары орналасқан. 


08 қаңтар 2021 ж. 493 0