ӘЙЕЛІН БӘСКЕ ҚОЙЫП, ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ
Манчестер Ситидің танзаниялық жанкүйері Амани Стэнли аталмыш команда Манчестер Юнайтедке қарсы матчта жеңіске жетеді деп әйелін бәске қойып, жеңіліп қалды.
Бұл туралы The Sun хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Танзаниялық жанкүйер «қызыл шайтандарды» қолдайтын досы Шилла Тонимен бәстескен. Олар жасасқан келісім-шартта Манчестер Сити жеңілген жағдайда Стэнли әйелін бір аптаға досына беруі керек деп жазылған. Сондай-ақ жігіт әйелін бәске қоятын кезде ақыл-есі сау, ішімдік ішпеген екен.
7 сәуірде өткен матчтың 30-минутында «Сити» 2: 0 есебімен алға шықты. Екінші таймда Пол Погба есе жіберіп, екі команданың ұпайын теңестірді. Ал Крис Смоллингтің дәл соққысы «Юнайтед» құрамасына тағы бір ұпай сыйлап, 3: 2 есебімен Манчестер Юнайтед жеңіске жетті.
Бұл жеңіліс «Манчестер Ситидің» мерзімінен бұрын Англия чемпионы болуына кедергі келтірді. Дегенмен, «Сити» 13 ұпайпен «Юнайтедтен» алда тұр. Чемпионаттың аяқталуына дейін әлі алты тур қалды.