Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№4 газет

18 қаңтар 2025 ж.

№3 газет

14 қаңтар 2025 ж.

№ 2 газет

11 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » 2017 жылдың «Үздік футболшысы» анықталды

2017 жылдың «Үздік футболшысы» анықталды


Испанияның «Реал Мадрид» футбол клубының португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду «Алтын доптың» бес дүркін иегері атанды,-деп жазды eurosport.com.

Марапаттау Париж қаласындағы  әйгілі Эйфель мұнарасында салтанатты түрде өткізілді. Бұл футболшы 2017 жылы команда сапында да, жеке көрсеткіштер бойынша да көптеген ірі жеңістерге жетті.
Атап айтсақ, Португалия ұлттық құрамасының 2018 жылғы Әлем чемпионатына жолдама алуына, «Реалдың» бес жылдық үзілістен соң Испания чемпионатын, УЕФА Чемпиондар лигасының бас жүлдесін тарихта алғаш рет қатарынан екі рет, жалпы 12-ші рет жеңіп алуына тікелей себепші болған.
Бұдан бөлек, 2017 жылы Чемпиондар лигасында ең көп гол соққан футболшы, турнир тарихында топтық кезеңнің барлық матчында гол соққан алғашқы ойыншы атанды.
Айта кетелік, «Алтын допты» France Football журналы жылдың үздік футболшысы деп танылған ойыншыға береді.
Португалиялық форвард ерекше сыйлық иегерлерінің арасында осы кезге дейін үздік болып келген Аргентина шабуылшысы Лионель Мессимен теңесті.
08 желтоқсан 2017 ж. 1 578 0