Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 84 газет

04 қараша 2025 ж.

№83 газет

01 қараша 2025 ж.

№82 газет

29 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » Самбодан әлем чемпионаты 2024 жылы Қазақстанда өтеді

Самбодан әлем чемпионаты 2024 жылы Қазақстанда өтеді

Самбодан әлем чемпионаты 2024 жылы Қазақстанда өтеді, деп хабарлайды Kazinform. 

Бұл шешім Халықаралық самбо федерациясының конгресінде қабылданды. Еліміз бұған дейін дүниежүзілік доданы 2005 жылы қабылдаған еді. Ол жолы қазақстандық балуандар 1 алтын, 3 күміс, 8 қола жүлдеге ие болған.

Қазақстандық балуандар 1992 жылдан бері әлем чемпионатына үздіксіз қатысып келеді. Бүгінге дейін 26 мәрте жоғары тұғырдан көрінді.

Биыл әлем чемпионатында Ұлттық құрама қоржынына алғашқы медаль түсті. 54 келі салмақтағы Гүлдана Әлмұхамбетова қола жүлде үшін өткен белдесуде былтырғы әлем чемпионы Алена Купаваны (Беларусь) жеңді. 

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
13 қараша 2023 ж. 256 0