Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ОБЛЫС ӘКІМІ ШАХМАТТАН ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ НАЗЕРКЕ НҰРҒАЛИМЕН КЕЗДЕСТІ

ОБЛЫС ӘКІМІ ШАХМАТТАН ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ НАЗЕРКЕ НҰРҒАЛИМЕН КЕЗДЕСТІ


Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев шахматтан оқушылар арасында әлем чемпионы, ФИДЕ шебері Назерке Нұрғалимен кездесіп, жас шахматшы мен оның бапкері Василий Шимелковқа алдағы сайыстарда жеңіс тіледі.
Естеріңізге сала кетейік, өткен 2018 жылы 20-29 сәуір күндері Албанияның Дуррес қаласында өткен оқушылар арасында Әлем чемпионатында Назерке Нұрғали 15 жасқа дейінгі оқушылар арасында Әлем чемпионы атанды.
Албанияда оқушылар арасындағы әлем чемпионатына 40 елден 420 спортшы жүлделерді сарапқа салды. Айтулы жарыста Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медальдарды иеленді.
«Бұл менің халықаралық байқаудағы алғашқы алтын медалім, одан бұрын биыл Таиландта өткен Азия чемпионатында және 2017 жылы Румыниядағы әлем чемпионатында күміс медальдарды жеңіп алған едім. Облыс басшылығына спортшыларды үнемі қолдап, аймағымызда шахмат ойынын дамытып жатқаны үшін алғыс білдіремін», - деді Назерке Нұрғали.
Айта кетейік, алдағы тамыз айында Назерке Моңғолияда Азия чемпионатына, ал қыркүйекте Түркияда Әлем чемпионатына 20 жасқа дейінгі қыздар арасында қатысады және қазан айында Грекиядағы әлем біріншілігінде 14 жасқа дейінгі спортшылар арасында бақ сынасады.

11 маусым 2018 ж. 1 198 2

Гость JeaOrer от 17 ақпан 2019 05:43
Train Yourself To Last Longer viagra online Urethritis Zithromax

Гость JeaOrer от 7 наурыз 2019 12:47
Viagra Cialis Assuefazione cheapest cialis 20mg Prix Viagra 100mg Pharmacie France Zithromax Chlamidia Levitra Wirkung