Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл әлемдік деңгейде өтетін спорт сайыстары

Биыл әлемдік деңгейде өтетін спорт сайыстары

Қазақстандық спортшылар биыл қандай әлемдік сайыстарда бақ сынайды? Алда көптеген жарыстар күтіп тұр. Олардың әрбіріне үлкен дайындық керек. Сондықтан сол сайыстарда қазақстандық спортшылардың жоғары деңгейде ойын көрсетуіне зор сенім артамыз. ҚазАқпарат тілшісі сол жарыстардың бірқатарына шолу жасаған еді.

Қысқы Универсиада

Қаңтар айында АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында XXXI Қысқы Универсиаданың алауы жағылады. Ойындар 12-22 қаңтар аралығында өткізіледі.

Аталған жарыста спорттың 12 түрінен 86 медаль сарапқа салынады. Оған әлемнің 50 елінен 1500-ге жуық спортшы келеді деп күтілуде.

Халықаралық жарыс 1960 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Қазірге дейін қазақстандық спортшылар барлығы 107 медаль еншіледі. Оның ішінде 20-ы алтын, 40-ы күміс, 47-і қола.

Жарысқа 17-28 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

Сондай-ақ, 2017 жылы Қысқы Универсиада Алматы қаласында болды.

Фристайл

Ал 25 қаңтар мен 5 ақпан аралығында Грузияның Бакуриани қаласында фристайлдан әлем чемпионаты өткізіледі. Аталған бәсекеде еліміздің атынан сынға түсетін Юлия Галышева, Павел Колмаков мен Анастасия Городько жүлделі орындардан көрінеді деген үміт бар. 2021 жылы Алматы қаласында өткізілген әлем чемпионатында олар жүлдегерлер қатарында болды.

Шорт-трек

Наурыз айының 10-12-і күндері Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында әлем чемпионаты болады. Қазақстандық спортшылар Қытайда өткен олимпиадада жақсы көрсеткішімен қуантқан еді. Онда 500 метр қашықтыққа Абзал Әжғалиев төртінші орынға тұрақтаса, ол Денис Никиша, Яны Хан и Ольги Тихоновой

6 место заняла сборная команда в составе того же Ажгалиева, Дениса Никиши, Яна Хан және Ольга Тихонова секілді әріптестерімен бірге тағы бір бәсекеде алтыншы орын алды. Олар енді әлемдік додада сол көрсеткіштерін жаңалауы мүмкін бе?

Бокс

Қазақстандық жанкүйерлер 15-31 наурыз аралығында Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында әйелдер арасындағы әлем чемпионатын тамашалай алады. Бұдан бұрын Түркия жерінде өткен жарыста еліміздің әйелдер құрамасы 1 күміс, 4 қоламен жалпы командалық есепте сегізінші орынға тұрақтады. Ал Иордания жерінде өткен Азия чемпионатында екінші орын алды. Қазақстандық спортшылар жақсы көрсеткішімен қуантады деген ойдамыз.

Допты хоккей

Наурыз айының соңы мен сәуір айының басында Швецияның Обно қаласында допты хоккейден әлем чемпионаты жалауын көтереді. Аталған спорт түрінен қазақстандықтар бірнеше мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінді. Қазірге дейін еліміздің құрамасы алты мәрте қола медаль алды. Соңғы мәрте мұндай жетістікке 2015 жылы қол созған еді. Биылғы әлем чемпионатында қазақстандық спортшылардан басқа Швеция, Финляндия, Норвегия, Қазақстан, АҚШ, Германия, Эстония және Венгрия құрамалары бақ сынайды.

Бокс

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында 1-14 мамыр күндері ерлер арасында әлем чемпионаты болады. Кейінгі уақытта еліміздің былғары қолғап шеберлері жанкүйер сенімінен шығатын деңгейде ойын көрсете алмай келеді. Алдағы жарыста сол олқылықтың орны толады деген үміттеміз.

Шайбалы хоккей

Шайбалы хоккейден ел құрамасы биыл әлем чемпионатында топ-дивизионда сынға түседі. Дүбірлі дода 12-28 мамыр аралығында Финляндияның Тампере және Латвияның Рига қалаларында өткізіледі деп жоспарланып отыр. Қазақстандық хоккейшілер 2021 жылы жақсы ойын өрнегімен жанкүйерді қуантса, былтыр әупіріммен үздіктер қатарындағы орнын сақтап қалды. Биыл әдемі ойынымен көпшілік сенімін ақтайды деген ойдамыз.

Жеңіл атлетика

Қазақстандық желаяқтар 19-27 тамыз аралығында Венгрия астанасы Будапешт қаласында жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына қатысады. Ел спортшыларына аталған сайыста сәттілік тілейміз.

Күрес

Әлемнің мықты балуандары 16-24 қыркүйекте Сербия астанасы Белград қаласында бас қосады. Онда еркін, грек-рим және әйелдер күресінен жүлделер сарапқа салынады.

Азия ойындары


Сарықұрлық сайыпқырандары 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін XIX Жазғы Азия ойындарына жиналады. Бұдан бұрын қазақстандық спортшылар жалпы командалық есепте тоғызыншы орынды місе тұтты. Жастарымыз жоғары жетістігімен қуантады деген сенімдеміз.
02 қаңтар 2023 ж. 231 0