Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Нұрғисаның күміс медалі

Нұрғисаның күміс медалі

Ауыр атлетикадан Колумбияның астанасы – Богота қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құра­ма ко­мандасының қоржынына тағы бір медаль түсті, – деп хабарлайды egemen.kz.

96 кило салмақта күш сынасқан Нұрғиса Әділетұлы бұған дейін жастар арасындағы құрлықтық деңгейдегі жарыстарда дараланып жүрген. Осыдан екі жыл бұрын ол Ташкентте ұйымдастырылған Азия бірін­шілігінде бас жүлдені олжалаған еді. Сол бәсекеде қандасымыз басты бәсекелесі Оң­түстік Кореяның өкілі Ёнг Хуннан 36 кило артық салмақты еңсеріп, барша жанкүйердің қоше­метіне бөленді. Былтыр Нұрғиса ересектер дуы­на алғаш рет қосылғанына қарамастан Сары құрлықтың басты додасында күміс медаль иеленді. Міне, енді ол әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанып отыр. Боготада қазақ зілтеміршісі қоссайыста 383 (174+209) кило салмақты көтерді. Бұл жарыстың бас жүлдесін бахрейндік Лесман Паредес жеңіп алды. Оның көрсеткіші – 397 (185+212) кило. Қола медаль колумбиялық Йор Мореноға бұйырды.

Осы салмақта тағы бір қазақ ауыр атлеті өнер көрсеткен еді. Бірақ Әлішер Сейіт­қазы­ның қадамы сәтті болмай, 351 (160+191) кило­лық нәтижемен ол 11-орынды қанағат тұтты.
 
14 желтоқсан 2022 ж. 547 0