Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Балғын балуандар белдесті

Балғын балуандар белдесті

Қызылордада еркін күрестен жас­өспірімдер арасындағы (U-17) Қазақ­стан біріншілігі өз мәресіне жетті. Бұл жарыста еліміздің барлық өңірінен келген балғын балуандар бақ сынады, –деп хабарлайды egemen.kz

Аса жеңіл салмақта түркістандық Нұр­асыл Асамбектің асығы алшысынан түсті. Аса шиеленісті өткен финалдық сайыста ол ақтөбелік Ерхан Меделбайдан айласын асырды. 71 кило салмақта дәл сол өңірдің өкілі Бекарыс Бақытжанның бағы жанды. Шешуші бәсекеде Бекарыс қызылжарлық Әлішер Жолдасбайды жеңді. Шығыс Қазақ­стан облысының жас өрендері де бас жүл­денің екеуін олжалады. Оның иегер­лері – Дарын Әскербек (55 кило) пен Айқын Болатұлы (65 кило). Дәл сол секілді Қара­ғандыдан келген қырандар арасынан Асхаб Хаджиев (80 кило) пен Әлихан Құсайы­новтың (110 кило) мерейлері үстем болды.

Ал өзге салмақ дәрежелерінде ақмолалық Рамиль Расим (48 кило), жамбылдық Нұр­данат Айтанов (51 кило), ақтөбелік Ақарыс Қалиев (60 кило) және маңғыстаулық Камиль Круглиев (92 кило) сынды балуандар жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.


15 сәуір 2022 ж. 619 0