Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№25 газет

08 сәуір 2025 ж.

№24 газет

05 сәуір 2025 ж.

№23 газет

01 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Сыр спортшылары чемпион атанды

Сыр спортшылары чемпион атанды

Аудандық редакцияға сүйінші хабар келіп жетті. Жетісудың төрінен жақсы хабарды ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландин жеткізді. Сыр елінің намысын қорғаған сайыпқырандар көгалдағы хоккейден чемпион атанды.

19-25 қыркүйек аралығында Жетісу облысы Талдықорған қаласында көгалдағы хоккейден ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасы кубогы өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген командалардың арасында Сыр өңірінің командасы чемпион атанып, кубог жеңімпазы атанды.

– Біздің өңірде көгалдағы хоккей спорты жақсы дамыған. Сыр саңлақтары еліміздің намысын қорғап, әлемдік додада бақ сынап, өздерін дәлелдеп келеді. Тынымсыз еңбек пен тәжірибенің арқасында талай мәрте ел чемпионы атанып келеміз. Қазір спортшылардың дайындығы жоғары деңгейде. Сондықтан ерлер мен әйелдер командасы да чемпион атанып, кубогты иеленді. Жыл сайын өтетін осындай жарыстың жеңімпазы болу үшін спортшылар барын салып, үлкен дайындықпен келеді. Еңбегіміздің қайтарымы, елге жеңіспен оралмақпыз, – дейді жаттықтырушы С.Қобландин.

Айта кетейік, көгалдағы хоккей спортынан Сырдариялық спортшылардың абыройы қашан да асқақ. Бұл жолы да саңлақ спортшылар ауданымыздың абыройын көтеріп, жеңіс тұғырынан көрінді. Білікті бапкер Сұлтанбек Қобландиннің шәкірттеріне алдағы тартысты бәсекелерде де жеңіс тілейміз!




Бибісара ЖАНӘЛІ
26 қыркүйек 2022 ж. 619 0