Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдариялық жеңімпаз атанды

Сырдариялық жеңімпаз атанды

Қазан қаласында көгалдағы хоккейден жоғарғы лига командалары арасында Ресей федерациясының ашық чемпионаты өтті.
Дүбірлі сайыста Сыр спортшылары 38 ұпаймен күміс жүлдені иеленді.
"Үздік шабуылшы" номинациясымен сырдариялық Дəулет Əлиев марапатталды.
Облыс командасы енді үстіміздегі жылдың 11-17 қараша аралығында Қызылорда қаласында ерлер мен əйелдер, ұлдар мен қыздар арасында өтетін ҚР чемпионатына жəне 18-23 қараша аралығында Андижан қаласында (Өзбекстан) көгалдағы хоккейден ерлер арасында болатын халықаралық турнирге қатысады.
Команданы жарысқа көгалдағы хоккейден ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландин дайындаған.

"ТТ ақпарат"

17 қазан 2019 ж. 608 0