Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Білім саласы қызметкерлері баскетболдан бақ сынасты

Білім саласы қызметкерлері баскетболдан бақ сынасты

Кеше Шіркейлі ауылында ұлағатты ұстаз, Орынбек Қосжанұлын еске алуға арналған білім қызметкерлері арасында баскетболдан аудандық турнир өткізілген болатын. №129 Ә. Жәмішев атындағы мектеп-лицейде ұйымдастырылған еске алу турнирін Шіркейлі ауылының әкімі Талғат Құламқадіров ашты.

– Білім саласында қажырлы еңбек еткен  ұстаз Орынбек Қосжанұлы көптеген естеліктер айтуға болады. Ардалы азамат түрлі салада қызмет ете жүріп, елдің дамуына айрықша үлес қосты. Мемлеттік саланың қыр-сырына қаныққан ағамыз 9 жыл ауылды басқарды. Кейіннен, өзі білім алған мектеп еңселі еңбек етті. Қашанда жақсының атын ұмытпаймыз. Міне,  ауылдың азаматын еске алып, әріптестері баскетболдан жарыс ұйымдастыруда. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін, – деді ауыл әкімі.
 
Өз кезегінде баскетбол жарысына 5 команда қатысты. Спорттық бәсекеде жеңімпаздар анықталып, Орынбек Қосжанұлына арналған турнир жоғары дәрежеде өткізілді. Бұл ретте, аяулы жанның достары, ағайын-туыстары, әріптестері сырлы естерліктерімен бөлісті.
26 наурыз 2022 ж. 841 0