Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шахматтан турнир

Шахматтан турнир

Жақында №126 орта мектепте оқушылардың арасында білікті басшы, мектеп директоры болған Қайрақбай Нұрыбаевты еске алуға арналған аудан мектептері арасында турнир өтті. Шахматтан өткен дәстүрлі турнир мектеп директоры Мұрат Төлегеновтың бастамасымен ұйымдастырылуда. Ондағы мақсат – ұстаз есімін ардақтау арқылы ой спорты шахмат ойнауға оқушыларды қызықтыру.
Ұлдар және қыздар арасында өткен сайыста №37 мектеп-лицейдің оқушысы Әлібек Маханов пен №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектептің оқушысы Жібек Өмірбекова жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. №37 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Нұрай Шайменова турнирдің шебер ойыншысы атанды.
Тағылымды шараға қатысқан ардақты ұстаздың зайыбы Ұлша Шарапатқызы мен ұрпақтары, туыстары мен жора-жолдастары естеліктер айтып, сайысты ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді. Шараға байланысты ұйымдастырылған кітап көрмесінде Қайрақбай Нұрыбаевтың өмірдерегі мен атқарған қызметі жайлы деректі мағлұматтар таныстырылды. Бейнеролик көрсетіліп, мектеп өмірімен тығыз байланыста болған ардақты азаматтың рухына құран бағышталды.
Айта кету керек, елі үшін еңбек еткен азаматқа арналған турнирге аудандық білім бөлімі, білім саласы қызметкерлері кәсіподағы комитеті мен «БАҚ» шаруа қожалығы демеушілік жасады.


Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
12 қазан 2019 ж. 802 0