Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері ауысты

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері ауысты

Ұлттық құраманың бас бапкерінің міндетін атқарушы болып Андрей Карпович тағайындалды.

Бұл туралы Қазақстан Футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Андрей Владимирович қазақстандық жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол ұлттық құрамада ең көп матч (55) өткізген ойыншылардың бестігіне кіреді. Бірнеше рет капитан ретінде алаңға шыққан болатын.

Карпович өзінің клубтық мансабында «Елім-ай», «Ертіс», «Қайрат», «Локомотив», «Ордабасы», «Шахтер», «Атырау», «Алтай», сондай-ақ, ресейлік «Ростсельмаш» және мәскеулік «Динамо» командаларында ойнады.

Карпович бапкерлік мансабын «Қайрат» жүйесінде бастап, одан кейін 2 жыл «Оқжетпесті» жаттықтырды. 2021 жылдың басынан «Қызыл-Жардың» бас бапкері.

Жаңа бас бапкердің командасы үшін алғашқы сынақ 24 наурызда Молдова құрамасына қарсы болады.

09 наурыз 2022 ж. 481 0