Аңызға айналған футболшы Андрей Аршавин «Қайрат» клубынан кетеді
11 қарашада Алматыдағы орталық алаңда «Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы Андрей Аршавинді шығарып салу рәсімі өтеді, деп хабарлайды Stan.kz.
Клубтың баспасөз қызметіндегі мәліметке сәйкес, 11 қарашада қарағандылық «Шахтермен» өтетін ойын кезінде клуб мүшелері мен жанкүйерлер аңызға айналған Андрей Аршавинге оның клуб құрамындағы жарқын мансабы мен көпшілікті тәнті еткен ойыны үшін алғыс білдіреді.Андрей «Қайрат» құрамындағы 3 маусымда 100-ден аса ойынға қатысып, 30 гол соққан. Ол клубпен бірге мемлекет чемпионаты, Кубок және Қазақстанның Суперкубогында 3 рет күміс жүлдені иеленген.