Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Токио -2020: Спортшылар мен бапкерлерге қанша сыйақы беріледі?

Токио -2020: Спортшылар мен бапкерлерге қанша сыйақы беріледі?

ХХХII жазғы Олимпиада ойындарында жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларға және олардың жаттықтырушыларына біржолғы төлемдерді жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметінің резервінен 577 047 700 теңге мөлшерінде қаражат бөлінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сыйақы алатын спортшылардың қатарында Токио Олимпиадасында қола жүлде алған 8 спортшыдан бөлек, жақсы нәтиже көрсеткен Елена Рыбакина (теннис), Әбілхан Аманқұл (бокс), Закир Сафиуллин (бокс), Милад Карими (гимнаст), Данияр Қайсанов (еркін күрес) және Дәулет Ниязбеков (еркін күрес) бар.

Ақшалай төлемдер ширек финалға жеткен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына беріледі:

Елдос Сметов (дзюдо) - 31 851 000 теңге, Ахмет Жұмағұл (бірінші бапкері) - 3 185 100 теңге, Ғалымжан Жылгелдиев (жеке бапкері) - 25 480 800 теңге, Ғалымжан Жылгелдиев (құрама команданың бас бапкері) - 3 185 100 теңге;

Игорь Сон (ауыр атлетика) - 31 851 000 теңге, Сергей Седов (бірінші бапкері) - 3 185 100 теңге + 25 480 800 теңге (жеке бапкері ретінде), Бақыт Ахметов (құраманың бас бапкері) - 3 185 100 теңге;

Зульфия Чиншанло (ауыр атлетика) - 31 851 000 теңге, Олег Эм (бірінші бапкері) - 3 185 100 теңге, Виктор Ни (жеке жаттықтырушысы) - 25 480 800 теңге, Бақыт Ахметов (құраманың бас бапкері) - 3 185 100 теңге;

Қамшыбек Қоңқабаев (бокс) - 31 781 250 теңге, Сейітжан Төкенов (бірінші бапкері) - 3 178 125 теңге + 25 425 000 теңге (жеке жаттықтырушысы ретінде), Ғалымбек Кенжебаев (құраманың бас бапкері) - 3 178 125 теңге;

Сәкен Бибосынов (бокс) - 31 801 500 теңге, Қадырбек Қуатбеков (бірінші жаттықтырушысы) - 3 180 150 теңге, Мырзағали Айтжанов (жеке бапкері) - 25 441 200 теңге, Ғалымбек Кенжебаев (құраманың бас бапкері) - 3 180 150 теңге;

Дархан Асаділов (каратэ) - 31 801 500 теңге, Шаттық Қажымұқан (бірінші бапкері) - 3 180 150 теңге + 25 441 200 (жеке бапкері ретінде), Асқар Молдағали (құраманың бас бапкері) - 3 180 150 теңге;
Софья Берульцева (каратэ) - 31 824 000 теңге, Бяшир Алыков (бірінші бапкері) - 3 182 400 теңге, Николай Репин (жеке жаттықтырушысы) - 25 459 200 теңге, Асқар Молдағали (құраманың бас бапкері) - 3 182 400 теңге;

Нұрислам Санаев (еркін күрес) - 31 801 500 теңге, Шоқан Ділмағамбетов (бірінші бапкері) - 3 180 150 теңге, Бауыржан Нұрмаханов (жеке жаттықтырушысы) - 25 441 200 теңге, Әсет Серікбаев (құраманың бас бапкері) - 3 180 150 теңге;

Елена Рыбакина (теннис) - 12 733 200 теңге, Дарья Захарова (бірінші жаттықтырушысы) - 1 273 320 теңге, Стевано Вуков - 10 186 560 теңге (жеке бапкері), Юрий Щукин (құраманың бас бапкері) - 1 273 320 теңге;

Әбілхан Аманқұл (бокс) - 4 244 400 теңге, Нұрлан Ақүрпеков (бірінші бапкері) - 424 440 теңге + 3 395 520 теңге (жеке жаттықтырушысы ретінде), Ғалымбек Кенжебаев (құраманың бас бапкері) - 424 440 теңге;

Закир Сафиуллин (бокс) - 4 244 600 теңге, Шамиль Мухтияров (бірінші бапкері) - 424 460 теңге, Заңғар Қасқаев (жеке жаттықтырушысы) - 3 395 680 теңге, Ғалымбек Кенжебаев (құраманың бас бапкері) - 424 460 теңге;

Милад Карими (гимнастика) - 4 244 600 теңге, Тахир Кашкули (бірінші бапкері) - 424 460 теңге, Степан Горбачев (жеке бапкері) - 3 395 680 теңге, Александр Ким (құраманың бас бапкері) - 424 460 теңге;

Данияр Қайсанов (еркін күрес) - 4 251 300 теңге, Мейірбек Байжанов (бірінші бапкері) - 424 130 теңге, Аслан Байғұлов (жеке жаттықтырушысы) - 3 401 040 теңге, Әсет Серікбаев (құраманың бас бапкері) - 424 130 теңге;

Дәулет Ниязбеков (еркін күрес) - 4 243 200 теңге, Әбутәліп Аманов (бірінші бапкері) - 424 320 теңге + 3 394 560 (жеке бапкері ретінде), Әсет Серікбаев (құраманың бас бапкері) - 424 320 теңге.


19 тамыз 2021 ж. 360 0