Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Белгілі футбол маманы Самат Смақов енді бапкер

Белгілі футбол маманы Самат Смақов енді бапкер

Қазақстан белгілі футбол маманы Самат Смақов Шымкенттің «Ордабасы» командасы бапкері қызметіне келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Самат Смақов 1978 жылы 8 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келген. Футболшы мансабында қазақстандық «Елімай», «Ертіс», «Жеңіс», «Қайрат», «Ақтөбе», «Ордабасы», Ресейдің «Ростсельмаш», Түркияның «Ризеспор» командаларында ойнаған. Ол елімізде 6 дүркін чемпион атанды. Екі мәрте Қазақстан кубогын алып, бір мәрте суперкубокқа қол жеткізді. Төрт мәрте Қазақстанның үздік ойыншысы атанған. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 76 ойын ойын өткізген, бұл - әзірге рекордтық көрсеткіш.

Айта кетерлігі, ол бас бапкерге көмекші қызметін атқарады. Жақында ол қызметке Беларусь маманы Александр Седнев келген болатын. С.Смақов 2017 жылы UEFA-ның А санатының дәрежесіне ие.

Еске сала кетсек, 2018 жылы «Ақтөбе» футбол клубы сенімгерлік басқаруға беріліп, Самат Смақов клубты басқарды. 2019 жылдың желтоқсан айында Самат Смақов «Ақтөбе» футбол клубынан кетті.

2020 жылы маусым айында Самат Смақов «Тараз» футбол клубының директоры қызметіне тағайындалады» деген ақпарат тарап, Жамбыл облысы әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарған еді.

31 қаңтар 2021 ж. 518 0