Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Ширек финалға шықты

Ширек финалға шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 35-ракеткасы Александр Бублик Монпелье (Франция) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, – деп хабарлайды egemen.kz.

Осы жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген А.Бублик екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 113-сатыда тұрған франциялық Пьер-Юг Эрбермен күш сынасты. Бірінші партияда екі брейк жасаған қазақстандық теннисші басымдық танытты – 6:3. Ал екінші сеттегі тай-брейкте Эрбердің асығы алшысынан түсті – 7:6 (7:2). Үшінші, шешуші партияны А.Бублик брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейк – 5:2. Содан кейін матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:2. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық спортшы 11 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың алтауын өз есебіне жазды. А.Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 19-шы, осы доданың 2-ракеткасы, испаниялық Роберто Баутиста-Агутпен кездеседі.
04 ақпан 2022 ж. 615 0