Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қазақстандық теннисшілердің Рим турниріндегі қарсыластары анықталды

Қазақстандық теннисшілердің Рим турниріндегі қарсыластары анықталды

Қазақстандық теннисшілердің Рим WTA 1000 турниріндегі қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүлде қоры 1,8 млн АҚШ долларынан асатын айтулы додаға әлемнің 1-ракеткасы, аустралиялық Эшли Барти бастаған теннисшілер қатыспақшы.

Қазақстанның екінші, әлемнің 30-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 35-орында тұрған АҚШ-тың 17 жасар жұлдызы Кори Гауффпен кездеседі.

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова әлемнің 100-ракеткасы, италиялық Мартина Тревизаннан өтуге тырысып көреді.

Қазіргі кезде іріктеу сайыстары өтіп жатқан Рим жарысы 10-16 мамыр аралығында өтеді. Өткен жылы румыниялық Симона Халеп жеңімпаз атанған болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің Мадрид мастерс турнирінің жартылай финалына шыға алмағанын, Рим жарысындағы қарсыласы белгілі болғанын жазған едік.

Сондай-ақ, қазақстандық теннисшілер Мысыр мен Тунисте өткен турнирлердің жеңімпазы атанды.
09 мамыр 2021 ж. 439 0