Зарина Дияс екі бірдей "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазын жеңді
Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс Майамидегі теннис турнирінің үшінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Турнирдің жүлде қоры - 8 миллион доллар.
Екінші айналымдағы матчта Дияс ресейлік Светлана Кузнецовамен кездесіп, 6:1, 6:3 есебімен жеңді. Дияс бір рет допты қисық ұрып, кейін төрт брейк-пойнттың төртеуін сәтті жасады, ал Кузнецова матч бойынша брейк-пойнтқа бірде-бір рет қол жеткізе алмады.
Айта кетейік, 24 жастағы Дияс WTA рейтингінде 56-орында тұр, ал 32 жастағы Кузнецова әлемнің 27-ші ракеткасы. Мұның алдында қос теннисші кездесіп көрмегенін айта кетейік. Ресейлік "Үлкен дулыға" турнирін екі мәрте жеңіп алған.
Қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы неміс Карина Виттефт болады.
Пікір 2