10 жасар қазақ қызы теннистен өткен халықаралық турнирде үшінші орын алды
10 жасар Іңкәр Дүйсебай турнирдің екінші айналымынан бастап ойнады және француз қызы Лена Фешаны 6:2, 7:5 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты. Кейін ол Чехиядан келген Аллегра Давис Корпанечті 6:0, 6:1 есебімен ұтты. Ал үшінші орынға таласқан кездесуде франциялық Лаура Палумбадан 7:6, 6:4 есебімен басып түсті.
Айта кетейік, Mouratoglou ойындары биыл балалар арасында жеті жас– 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17 жасқа дейінгі категория бойынша ұйымдастырылды. Осы жылы турнирге 57 елден 400 бала қатысып, рекордтық көрсеткішке жетті.
Пікір 3