Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақпарат және коммуникациялар министрлігі комитетінің атауы өзгерді

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі комитетінің атауы өзгерді



ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің құрылымында өзгерту болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР Әділет министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 2017 жылғы 25 қарашада «ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» № 773 қаулысына қол қойды.
Осы құжатқа сәйкес «ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті» РММ «ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» РММ болып өзгереді.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
04 желтоқсан 2017 ж. 1 466 0