Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Рахат Бекболат әлем чемпионы атанды

Рахат Бекболат әлем чемпионы атанды

Бұл күндері Сауд Арабиясының Жидда қаласында жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Дүбірлі додаға Қазақстаннан екі спортшы ғана қатысуда. Солардың алғашқысы кеше жарыс жолына шықты. 102 кило салмақ дәрежесінде күш сынасып жүрген Рахат Бекболат бұған дейін де жасөспірімдер мен жастар арасында әлем және құрлық чемпионы атанып, сан рет рекордтық көрсеткіштерді де жаңартты. Ересектер дуына еркін қосылған қазақтың дарынды ұлы бұл сайыстарда да алдына жан салмай, өзінің мықтылығын мойындатты.

Жиддадағы жарыста Рахат қоссайыстың қорытындысы бойынша 355 (155+200) килолық зілтемірді еркін еңсеріп, алтын тұғырға көтерілді. Түркиялық Танер Чаглар күміс медальді иеленді. Ол қандасымыздан 18 кило кем көтерді. Қола жүлде Ирак спортшысы Аммар Рубайави Әлиге бұйырды.    
 
Енді аса ауыр салмақтағы Руфина Шалқарова өз өнерін ортаға салады. Ол да еліміздегі дарынды зілтеміршілердің бірі. Ертеңгі күні Руфина Рахаттың жеңісті жолын жалғастырады деп үміттенеміз.


12 қазан 2021 ж. 336 0