Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Токио-2020: Владислав Яковлев академиялық есуден іріктеу кезеңінде 3-орын алды

Токио-2020: Владислав Яковлев академиялық есуден іріктеу кезеңінде 3-орын алды

Токио-2020: Владислав Яковлев академиялық есуден іріктеу кезеңінде 3-орын алды. 

Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар жарыс жолын бастады. Ұлттық құрама мүшесі Владислав Яковлев академиялық ескек есу бойынша іріктеудің бірінші айналымын үшінші орынмен аяқтады. Оның уақыт көрсеткіші - 7:10.08.

Сондай-ақ бүгін садақ атудан ерлер арасында Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин, Денис Ганькин сынға түседі.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында әлемнің 200 мемлекетінен келген 11 мыңға жуық спортшы спорттың 33 түрінен бақ сынайды. Олимпиаданың ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады.
23 шілде 2021 ж. 297 0