Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "Уфа" бас бапкері Еркебұлан Сейдахметтің алғашқы ойынына баға берді

"Уфа" бас бапкері Еркебұлан Сейдахметтің алғашқы ойынына баға берді


Бүгін Еркебұлан Сейдахмет алғаш рет футболдан Ресей премьер-лигасында Махачкаланың "Анжи" командасымен ойынға қатысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
"Қазақ Мессиі" атанған футболшы 22-турдағы ойында үзілістен соң Кехинда Фатаиды ауыстырды.
Бірінші тайм 0-0 есебімен тең аяқталған болатын. Сейдахмет шыққан соң бұл ойында бес гол соғылып, "Уфа" жеңіске жетті. Үшінші голды соғуға біздің футболшы айтарлықтай үлес қосты. 67-минутта ол Живоглядовқа жылдам пас шығарды. Живоглядов допты Боян Йокичке ұзатып, "Уфа" капитаны гол соқты.
Алайда, 88-минутта Башқұртстан командасының бас бапкері Сергей Семак Еркебұланның орнына Аликинді шығарды. Бұл кезде "Анжи" командасы қысымды күшейткен болатын.
"Бұл Сейдахметтің ойынына берілген баға емес, амалсыз шара. "Уфаға" қазір қорғаушы керек. Ал Сейдахмет бүгінгідей ойнаса, оның болашағы жарқын болады" деді ойынды көрсеткен "Наш футбол" телеарнасының комментаторы.
Сонымен қатар, алғашқы кездесуінде Сейдахмет сары қағазбен де көзге түсті. Ойынның соңына қарай ол қарсы команданың қорғаушысы Самарджичпен шекісіп қалып, төреші екеуіне де ескерту берді.
Кездесуден соң телеарна журналисі "Уфаның" бас бапкері Семактан Еркебұланның ойынына баға беруді сұрады.
"Əрине, бірінші рет шыққандықтан қиындау болды, аздап агрессия жетіспеді. Бірақ ол жақсы ойнады. Екі голға қатысып, командасының үш ұпай алуына үлес қосты" деді Сергей Семак.
Еске сала кетсек, Еркебұлан Сейдахмет "Уфа" командасында 10-нөмірмен және "Еркош" деген жазуы бар футболкамен ойнайды. Мұның алдында ол туыстары мен достары өзін осылай атайтынын айтқан болатын.


https://baq.kz/kk
10 наурыз 2018 ж. 1 173 2

Гость JeaOrer от 20 ақпан 2019 08:58
Rem Again Propecia Buy Online Pharmacy generic viagra Preise Viagra 50

Гость JeaOrer от 11 наурыз 2019 00:28
Sito Di Vendita Gravi Kamagra cialis generic Isotretinoin Skin Health On Line Forum Ou Acheter Du Cialis Priligy Sin Receta Espana