Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Украиналық футболшы «Ақжайықтың» намысын қорғайды

Украиналық футболшы «Ақжайықтың» намысын қорғайды


Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Ақжайық» командасына жаңа ойыншы алынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. «Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, украиналық жартылай қорғаушы Андрей Ткачукпен келісімшартқа қол қойылды.
А.Ткачук Украинаның Житомир қаласында футбол әліппесін үйренген. 2004 жылы 23 қарашада осы елдің бірінші лигасында ойнайтын «Полесье» (Житомир) командасының құрамында бірінші кездесуін өткізді. Содан кейін «Карпаты» (Львов) командасында доп теуіп, оның 2006 жылы бірінші лигада екінші орын алып, жоғары топқа қосылуына көмектесті. Украина жоғары лигасында алғаш 2007 жылы «Днепр» - «Карпаты» командалары арасындағы кездесуде ойнады.  2008 жылдан Львов командасының негізгі ойыншысына айналды. 2013 жылы жалға беру негізінде маусым аяғына дейін «Арсенал» (Киев) командасында болды. 2014 жылы «Карпаты» командасынан қол үзіп, «Ворксла» (Полтава) клубына қосылды. 2014 жылдан осы команда құрамында 73 матч өткізіп, үш гол соқты. Жалпы спорттық жолында 226 рет алаңға шыққан.
«Командаға жаңадан әзірге бір ғана ойыншы алынып отыр. 28 қаңтар күні оқу-жаттығу жиыны мәреге жеткенге кейін басқа да футболшыларды қарап, бір мәмілеге келетін боламыз», деді «ҚазАқпарат» тілшісіне «Ақжайық» футбол клубының директоры Нұртаза Әбілханов.
Айта кетейік, футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігіне дайындалып жатқан «Ақжайық» командасының бас бапкерлігіне украиналық маман Владимир Мазяр бекітілген болатын.
Оралдықтар оқу-жаттығу жиыны барысында алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ресей премьер-лигасында өнер көрсететін «Амкар» (Пермь) командасымен өткен кездесудің бірінші таймында есеп ашылған жоқ. Екінші таймда 65-минутта командада сыннан өтіп жүрген, бұған дейін Болгария елінде ойнап келген Еркебұлан Нұрғалиевке қарсы тәртіп бұзылып, 11 метрлік айып добы белгіленді. Оны Еркебұланның өзі дәл орындады. Бұдан кейін «Амкар» шабуылға шыққанымен, «Ақжайықтың» қорғанысы сыр берген жоқ.    
21 қаңтар 2018 ж. 1 207 0