Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Астанадан» кетуім керек – бас бапкер

«Астанадан» кетуім керек – бас бапкер


«Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов футбол клубынан кететіні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Болгариялық маман желтоқсанның соңында клубтан кетуі мүмкін. Ол кезде бапкер мен «Астана» арасындағы келісімшарт тоқтайды.
«Маған түсіп жатқан ұсыныстар көп. Клубта қаламын ба, я кетемін бе он күннен кейін белгілі болады. Мен 100 пайызға сенімді емеспін, бірақ менің кетуім керек», - деді Стойлов.
Елордалық команда Еуропа лигасының 1/16 кезеңіндегі алғашқы кездесуін өз алаңында 15 ақпанда өткізеді. Жауапты матч бір аптадан кейін болады.
Айта кетейік, «Астана» клубы қазақ футбол тарихында алғаш болып Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты.Елордалық команда топтағы соңғы ойында Чехияның «Славия» командасын ұтты.
https://baq.kz/kk
12 желтоқсан 2017 ж. 1 445 0