Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Айсамал Сансызбаева - Әлем кубогінің жеңімпазы атанды

Айсамал Сансызбаева - Әлем кубогінің жеңімпазы атанды

Перудің Лима қаласында ауыр атлетикадан өткен онлайн Əлем кубогінде жерлесіміз Айсамал Сансызбаева алтыннан алқа тағынып, көк туымызды желбіретті.

Жарыстың соңғы күнінде 81 келіден жоғары салмақ дəрежесінде жасөспірімдер арасында сынға түскен Айсамал жұлқа көтеруде - 107, серпе көтеруде - 137 келіні көтеріп, қоссайыс нəтижесінде 244 келіні бағындырды.

Айта кетейік, ол былтырғы жылы Солтүстік Кореяның Пхеньян қаласында өткен Азия чемпионатында 2 мəрте күміс жүлдені иеленген болатын.

А.Сансызбаева Шиелі ауданының тумасы, қазіргі таңда Ж.Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжде оқиды.

Жаттықтырушылары: Арман Абдраев жəне Нұрсұлтан Бахрадин.

19 қараша 2020 ж. 613 0