Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » 16 жасар қызылордалық Азия чемпионы

16 жасар қызылордалық Азия чемпионы

Ташкентте ауыр атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында жерлесіміз Айсамал Сансызбаева алтыннан алқа тағынып, ел абыройын асқақтатты, – деп жазады Лаура Кенжебекқызы фейсбук парақшасында.
Ол 81 келіден жоғары салмақ дəрежесінде жасөспірімдер жəне жастар арасында сынға түсіп, жұлқа көтеру - 109, серпе көтеру - 140, қоссайыс нəтижесінде 249 келіні бағындырды.
Ол жасөспірімдер жəне жастар арасында
2 алтын медаль алды.
Айта кетейік, ол былтырғы жылы
Солтүстік Кореяның Пхеньян қаласында өткен Азия чемпионатында 2 мəрте күміс жүлдені иеленген болатын.
А.Сансызбаева Шиелі ауданының тумасы, қазіргі таңда Ж.Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжде оқиды. Жаттықтырушылары: Арман Абдраев жəне Нұрсұлтан Бахрадин.
Бүгін, 81 келіде Есенкелді Сəпи өнер көрсетсе, ертең 96 келіде Бекболат Рахат ел намысын қорғайды.
17 ақпан 2020 ж. 832 0