Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№45 газет

16 маусым 2026 ж.

№44 газет

13 маусым 2026 ж.

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жәнібек Әлімханұлы Головкиннің орнына әлем чемпионымен жұдырықтасуы мүмкін

Жәнібек Әлімханұлы Головкиннің орнына әлем чемпионымен жұдырықтасуы мүмкін

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBA нұсқасы бойынша әлемнің қазіргі чемпионымен кездесуі мүмкін, – деп хабарлайды Stan.kz

Бұл туралы Asian Boxing басылымының Твиттер-аккаунтында хабарланды.

Бұл жайт Дүниежүзілік бокс қауымдастығының орта салмақтағы тұрақты әлем чемпионы, жапондық Риота Мурата туралы. Бұрын ол Геннадий Головкиннің әлеуетті қарсыласы ретінде қарастырылатын. Титулдық жекпе-жек келесі жылы өтеді деп күтілуде.

Айта кету керек, отандасымыз соңғы рет 10 қазанда аргентиналық Гонсало Кориамен кездесті. Жекпе-жек тек екі раундқа созылды. Жәнібек қарсыласын нокаутқа жіберіп, WBO нұсқасы бойынша үздік үш боксшының қатарына енді.
06 қараша 2020 ж. 621 0