Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 90 ЖЫЛДЫҚҚА АРНАЛҒАН ЖЕҢІС

90 ЖЫЛДЫҚҚА АРНАЛҒАН ЖЕҢІС


Тереңөзек – ұлттық бренд саналатын тоғыз­құ­ма­лақтың туын тіккен жер, Отаны десек те болады. Киелі жерде Кеңес билігінің идеологиясы күшейіп тұрған сонау 1950-1960 жылдардың өзінде тоғызқұмалақтан бірнеше мәрте ел чемпионаты өткен. Сондай бір республикалық біріншіліктің ұйымдастырылуына «Қызылдихан» колхозының төрағасы, іскер басшы Оспан Мәлібаев ұйытқы болып, елдің түкпір-түкпірІнен жиналған тоғызқұмалақшыларға «дария жағасынан киіз үй тігіп, қонақасыға өгіз сойған» деген әңгіме біздің бүгінгі заманға жетті.
Тоғызқұмалақ – төл өнеріміз болса, тереңөзектік (сырдариялық) тоғызқұмалақшылар осы тамаша спорт түріндегі табыстарымен ел мерейін асырып жүргені аудан, аймақ тұрғындары үшін зор мақтаныш. Үстіміздегі жылдың маусым айында Ақтөбе қаласында өткен республикалық біріншілікте алтыннан алқа таққан 4 жасөспірім спортшы, атап айтқанда Дамир Ахметов, Жантөре Аманқос, Нұрай Мектепхан, Әсем Дәуренбек шілде айының аяғында Монғолия мемлекетінде өтетін ІV Азия чемпионатына жолдаманы ұтып алған болатын. Олардан басқа ауданнан Азия чемпионатына Әлем біріншілігінің қола жүлдегері Ақерке Кенжебекова, жасөспірімдер арасында Азия чемпионы Бексұлтан Бостандықов аға жаттықтырушы, үш дүркін Әлем чемпионы Хәкімжан Елеусінов бастап баратын облыстық құраманың сапына қосылды.
25-31 шілде аралығында ІV Азия чемпионаты Монғолия мемлекетінде өтті. Дүбірлі додаға ел құрамасын жерлесіміз, республиканың бас жаттықтырушысы Айнұр Жақапбаева бастап барды. Аудан тоғызқұмалақшылары (бапкері Б.Елеусінов) Азия чемпионатында нәтижелі, үздік өнер көрсетті. 14 және 19 жасқа дейінгі ұлдар арасында тоғызқұмалақтың рапид пен блиц түрінен Дамир Ахметов «айды аспанға шығарып» екі бірдей алтынды жеңіп алды. 14 жасқа дейінгі ұлдар арасында тоғызқұмалақтың блиц түрінен Жантөре Аманқос, 19 жасқа дейінгі қыздар арасында Ақерке Кенжебекова алтыннан алқа тақты. Ал, Бексұлтан Бостандықов ересектер арасында күміс медальді жеңіп алды. Сондай-ақ, 14 жасқа дейінгі қыздар арасында Әсем Дәуренбек екі қола медальға ие болды.
Азия чемпионатының салтанатты жабылуына Монғололия мемлекеті Баян-Өлгей аймағы әкімі Ғылымхан Айыпұлы және Қазақстан Республикасының Монғолия мемлекетіндегі елшісі Қалыбек Қобландин марапаттау рәсіміне арнайы қатысып, спортшыларды құттықтады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы, Монғолия тоғызқұмалақ федерациясы және Баян-Өлгей аймақтық әкімшілігі дайындаған медаль, диплом және бағалы сыйлықты табыс етті. Жарысқа келген Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Қытай және Монғолия жаттықтырушыларына арнайы естелік медальдар тапсырылды. Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Айнұр Жақапбаева Баян-Өлгей аймағы әкімі қолынан «Құрмет» медаліне ие болды. Сөйтіп, Сыр елінің тоғызқұмалақшылары ауданның 90 жылдығы құрметіне лайықты тарту жасады.

Шаһарбек Нұрсейітов
07 тамыз 2018 ж. 1 995 0