Дойбы додасы

Осыны және балалардың спортқа бейімділігін ескерген «Сырдария» қоғамдық қоры (төрайымы Н.Керейтбаева) «Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қоғамдағы әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыру мен қайырымдылық көмектер жасау» жобасы бойынша 10 балаға спорттық киімдер тарту етілді. Балаларға сыйлықты қор төрайымы Н.Керейтбаева тапсырды.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ой-өрісін дамыту үшін дойбы ойынының орны бөлек. Бұл спорт түрін шахматпен салыстырғанда ойнау жеңілдеу. Ойлау қабілетін дамытып, логиканы қалыптастыруға таптырмайтын ойын.
Осыған орай «Сырдария» қоғамдық қоры «Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қоғамдағы әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыру мен қайырымдылық көмектер жасау» жобасы бойынша дойбыдан мүмкіндігі шектеулі балалар арасында аудандық турнир өткізді. Бұл сайысқа қазіргі кезеңдегі карантин талаптары ескеріліп, 15 бала қатысты. Дойбы додасына білікті бапкерлер Білімжан Елеусін мен Мұхтар Әбжаппар қазылық етті.
Сайыс қорытындысы бойынша Думан Қазанов бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынды Ерболат Мейрамбек еншіледі. Ал үшінші орынға Жұлдыз Бердіқожаева тұрақтады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар, ал барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
Шаһарбек НҰРСЕЙІТОВ