Гандболшы қыздар жаттығуды бастады

«Қазақстан гандбол федерациясы супер лиганың әйелдер командалары арасында ҚР чемпионаты жаз айларында маусым, шілде, тамыз айларында өткізілетінін хабарлады. Карантин режимі кедергі келтірмесе, күнтізбелік жоспар бойынша екі туры Қызылорда қаласында, екі туры Алматыда өтеді. Бір апта бұрын команда залда оқу-жаттығу процесін бастаған болатын. Осы аптада барлық командамыз толығымен жарыстарға дайындықты бастайды. Екі апта жалпы физикалық дайындық және келесі екі аптада техникалық-тактикалық дайындық жүргіземіз», – деді Вячеслав Ким.
Айта кетейік, «Қайсар ҚМУ» ганбол командасы 11 дүркін ҚР чемпионы, 4 дүркін Жастар спорт ойындарының және 4 дүркін ҚР спартакиадасының жеңімпазы, 2 дүркін клубтар лигасының Азия чемпионы.
Фейсбук әлеуметтік желісіндегі Өңірлік Коммуникациялар Қызметінің ресми парқашасынан алынды