Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№72 газет

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қазақстан өкілдері Армения депутаттарының сайлауын байқауға қатысады

Қазақстан өкілдері Армения депутаттарының сайлауын байқауға қатысады

2018 жылғы 7-10 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының 11 өкілі Армения Республикасының Ұлттық Жиналысы депутаттарының сайлауын байқауға қатысады, оның екеуі Армения Республикасы Ортсайлаукомының шақыруымен, алтауы - ТМД байқаушылар миссиясының құрамында, екеуі - ТМД Парламентаралық Ассамблеясы желісі бойынша және біреу - ЕҚЫҰ ПА делегациясының құрамында, - деп хабарлады ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.
ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров Армения Республикасы Ортсайлаукомының шақыруы бойынша сайлауды байқауға қатысады.
ТМД-дан байқаушылар миссиясының құрамында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, ҚР ОСК аппаратының қызметкерлері, "ҚР ОСК ИТО" РМК және Қостанай облысы өкілдері қатысады.
Қазақстан Республикасының өкілдері Ереванда, сондай-ақ Армения Республикасының Тавуш және Армавир облыстарында байқауды жүзеге асыратын болады.
2018 жылғы 9 желтоқсанда Армения Республикасында Ұлттық Жиналысқа кезектен тыс сайлау болды. 2017 жылғы сайлаудың қорытындылары бойынша қалыптасқан республика Парламенті өз жұмысын Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының депутаттары 1 қарашада арнайы отырыста премьер-министрді екінші рет сайламағаннан кейін тоқтатты.
Кезектен тыс сайлауды тағайындау туралы Жарлыққа Армения Президенті ел Конституциясының талаптарына сәйкес қол қойды.
09 желтоқсан 2018 ж. 1 216 0