Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

№74 газет

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 газет

26 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Арменияда оң рульді көліктердің импортына тыйым салынды

Арменияда оң рульді көліктердің импортына тыйым салынды

Армения үкіметі отырыста оң жақ рульді автомобильдерді тіркеуге және оның импортына тыйым салу туралы қаулы қабылдады. Шектеу 2018 жылдың 1 сәуірінде күшіне енеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі. 
Армения үкіметі отырысының күн тәртібінде Арменияда 1 сәуірден бастап оң жақ рульді автомобильдерді тіркеуге және оның импортына тыйым салу мәселесі қаралды. Қаулы жобасын Армения көлік, байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Ваан Мартиросян ұсынды. «2018 жылдың 1 сәуірінен бастап оң жақ рульдік басқару жүйесі бар автомобильдерді тіркеуге және пайдалануға тыйым салу қарастырылған. Бұл шектеу 1 сәуірге дейін әкелінген автомобильдерге қатысты емес. Оларды есепке алуға рұқсат етілген», - деп мәлімдеді үкіметтің отырысында министр Ваан Мартиросян.
www.inform.kz
12 қаңтар 2018 ж. 1 589 0