ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің атауы өзгерді
Мемлекет басшысы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігін қайта атау туралы қаулы етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3 тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) болып аталсын.
2. Министрлікке Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық келісім саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
- жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың штат санын қайта бөлуді;
- осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау ҚР Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2018 жылғы 28 маусым №70
Пікір 4