Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ең төменгі жалақыны 1,5 есеге өсіру - отбасы бюджеті үшін әжептәуір көмек

Ең төменгі жалақыны 1,5 есеге өсіру - отбасы бюджеті үшін әжептәуір көмек


Бүгін демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының отырысында Мемлекет басшысының Жолдауы талқыланды. Сол жерде партиялар өз ойларын ортаға салды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бірлік» партиясы төрағасының орынбасары Төлеген Қуанышевтің айтуынша, ең төменгі жалақыны көтергенде азық-түліктің бағасын бақылауда ұстаған жөн. Себебі ондай бастамалар қолға алынса, xалық көп тұтынатын тауарлардың құны да өсуі мүмкін. 
«Президент ең төменгі жалақыны 1,5 есеге өсіруді тапсырды. Негізі, ол - отбасы бюджеті үшін әжептәуір көмек. Бірақ азық-түліктің бағасын қадағалаған жөн. Әйтпесе, жалақы көтерілсе, оның артынан азық-түліктің бағасы да өсуі мүмкін», - дейді Т.Қуанышев.
Оның ойынша, қазірден бастап азық-түлік бағасының саясатына қатысты нақты шараларды қолға алу қажет. Қадағалау органдарын күшейтіп, осы жұмысқа қоғамдық ұйымдарды кеңінен тартқан жөн.  
Айта кетейік, бүгінгі отырыста «Бірлік» партиясы «7-20-25»-ті жандандырудың тың жолын да ұсынды.
Ал отырыс аясында ҚазАқпарат тілшісіне сұxбат берген «Атамекен» палатасының төрағасы Абылай Мырзаxметов салықтық амнистия кезінде қанша кәсіпкердің айыппұлдан босатылатынан жариялады.
Сондай-ақ, 600 млрд теңгенің жеңілдетілген несиесі қай салаға берілетінін жеткізді.

inform.kz


06 қазан 2018 ж. 1 431 2

Гость JeaOrer от 17 ақпан 2019 03:03
Amoxicillin Formulation cheapest cialis 20mg buy accutane in the us

Гость JeaOrer от 7 наурыз 2019 07:08
Adderall viagra vs cialis vs levitra reviews Real Progesterone Visa No Physician Approval Store Will Mobic Make You Gain Weight Canadian Pharmacy Without Prescritption