Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жалағаштық ұстаз: Педагогтар мәртебесі туралы мәселені толық қолдаймын

Жалағаштық ұстаз: Педагогтар мәртебесі туралы мәселені толық қолдаймын


Мен білім саласында қызмет етемін. Сондықтан Елбасының педагогтардың статусы туралы заң қабылдау керек деген ұсынысын жылы қабылдадым», - дейді Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Дархан Ілиясов.
Оның айтуынша, Елбасы Жолдауы арқылы жетістіктер екшеліп, алға қарай адымдау үшін жаңа жоспарлар құрылады. Алға жаңа міндеттер жүктеледі.
«Президент Жолдауын теледидардан тікелей эфир арқылы көріп, елдің экономикасын ары қарай дамытуға бағытталғанын түсіндік. Тіпті, жаһандануға бет алған ғылым мен технология заманында әлемдік көштен қалып қоймас үшін жаңа мақсаттар белгіленген. Бұл өз кезегінде елдің әлеуетін арттыратын, болашағын жарқын ететін, «Қазақстан-2050» стратегиясында көзделген межелерге жеткізетін, болашаққа даңғыл жол салатын қадам болмақ», - деді Д.Ілиясов.
Жолдауда Мемлекет басшысы Үкіметке келесі жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе арттыруды тапсырды. Сондай-ақ, келер жылды жастар жылы деп жариялауды ұсынды. Бұл жастар үшін үлкен қолдау екені анық.
«Елбасы мұғалімдерге барлық жұмыс жүктелетінін айтты. Мемлекет басшысы оған ешкім ақша төлеп жатпағанын жеткізіп, ондай жүктемеден арылту керектігін айтып өтті. Мемлекет басшысының бұл бастамасы білім жүйесіне серпін берері сөзсіз. Жолдауда айтылған әрбір ойдың астында үлкен мән жатыр. Барлық идея 100 қадаммен ұштасып, елімізді дамыған мемлекеттердің көшіне қарай бастары айқын», - деді Д.Ілиясов.

inform.kz


05 қазан 2018 ж. 1 043 0