Үй жағдайында дайындалған KFC
Ең алдымен, қажетті азық-түлікті түгендеп алайық. Олар:
- Ұн;
- өсімдік майы;
- "чим-чим" атты кәріс дәмдеуіші;
- крахмал;
- чили;
- паприка;
- тұз;
- тауық қанаты;
- жүгері қауызы;
- тауық етіне арналған кептірілген нанның ұнтағы;
- су.
Дайындалуы:
Үй жағдайында әркім түрліше дайындайтындықтан, азық-түліктің нақты мөлшерін жазбадым.
Сондықтан шұңғыл табаққа тауық қанатының мөлшеріне сай өзіміз жетерлік деп тапқан ұн саламыз.Тұз қосамыз. Ас қасық паприка саламыз. Ас қасық чили бұрышын саламыз. Ас қасық "чим-чим" дәруменін қосамыз. Барлығын қосқан соң араластырамыз да, тауық қанатын өңдейміз. Ұн мен дәмдеуіштердің үстіне қоюланғанша су құямыз. Үстіне тауық қанаттарын саламыз. 3 сағат көлемінде осылай қалдырамыз. Айтпақшы жүгері қауызының құрамында қанты жоғын таңдағанымыз абзал. Оны майдалап үгітіп, үстіне ұн қосамыз.
Артынша 3 сағатқа қалдырылған тауық етін үгітілген жүгері жармасына шылаймыз. Шыланғандарды тарелкаға саламыз. Тауық қанаттарының келесі жартысын арнайы тауық етіне арналған кептірілген нан үгітіндісіне шылаймыз. Барлығы дайын болған соң қуырамыз. Төменгі суреттегідей қызарғанша жақсылап пісіреміз.
KFC фастфудымыз дайын. Астарыңыз дәмді болсын! Және тауық қанаты мен ұн мөлшері көп болған сайын, соғұрлым дәмдеуіштерді де арттыра түсуіміз керектігін ұмытпайық.