Аманкелді ауылдық округінің әкімі сайланды

Зейнұр Қайриддинұлы 1985 жылы Аманкелді ауылында дүниеге келген. 2007 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін «Химия және биология пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Аманкелді ауылындағы №42 орта мектебінде химия пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2017-2018 жылдары аталған мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2018-2024 жылдары мектеп директоры қызметін абыроймен атқарып келді.
Аудан басшысы ауыл әкімінің жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі