Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

№ 63 газет

23 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Іңкәрдария ауылдық округінің әкімі сайланды

Іңкәрдария ауылдық округінің әкімі сайланды

Ауылдық округ тұрғындарының дауыс беру қорытындылары бойынша Есдәулетов Сәулет Шәкібекұлы Іңкәрдария ауылдық округінің әкімі қызметіне сайланды.

Аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев ауылдық округ тұрғындарымен кездесіп, сайланған ауыл әкімін таныстырды.

1965 жылы 14 мамыр күні Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1980-1984 жылдары Қызылорда темір жол техникумын оқып бітірген. 1984-86 жылдары әскер қатарында болған.

Еңбек жолын 1986-97 жылдары Іңкәрдария ауылының №191 орта мектебінде бастауыш әскери дайындығы мұғалімі болған.

1997 жылы Қызылорда қаласында экономика, экология және құқық академиялық университетінде шаруашылық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

1997-2002 жылдары Қызылорда қаласының экономика, экология және құқық академиялық университетінің "заңгер" мамандығы бойынша оқып шыққан.

2010 жылдан осы уақытқа дейін Іңкәрдария ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келді.

Отбасылы, 3 ұл, 3 немере тәрбиелеп отыр.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
28 шілде 2021 ж. 635 0