Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкімдер сайлауында кімдер жеңіске жетті?

Әкімдер сайлауында кімдер жеңіске жетті?

Өткен жексенбі күні Қызылорда облысы бойынша қала, кент және ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті, деп хабарлайды  Kyzylorda-news.kz. 

Әкімдер сайлауы барысында сайлаушылар жергілікті жердің дамуы мен өркендеуі жолында өз таңдауларын жасады.

Дауыс беру нәтижесінде Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті әкімінің лауазымына Тыныштықбай Айдын Маратұлы, Талсуат ауылдық округіне Бейсенбаев Ерлан Тұтқабайұлы сайланса, Арал ауданының Арал қаласына Ұзақов Батыржан Жансерікұлы, Қамыстыбас ауылына Балмырзаева Азат Төлебайқызы, Қаратереңде Маханов Берікбол Кешубайұлы басым дауыспен жеңіске жетті.

Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің әкімі лауазымына Әбсұлтанов Мұрат Байғабылұлы лайық деп танылса, Қазалы қаласына Орынбасаров Қайрақбай Жақсыбайұлы, Майлыбас ауылына Әбілхан Алмат Аманқосұлы сайланды.

Мұнан бөлек Сырдарияның Бесарық ауылына Сарсенбаев Дәулет Абайұлы, Шиелі ауданының Бестам ауылдық округіне Қыпшақбаев Мұрат Тыныштықұлы және Жаңақорғанның М.Нәлібаев ауылына Сердалиев Бақдаулет Тұрсынбайұлы көпшілік дауысқа ие болды.



11 желтоқсан 2023 ж. 152 0