Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қызылордада аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтуде

Қызылордада аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтуде

Бүгін жәй жексенбі емес. Қызылорда өңіріндегі 11 аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтуде, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.

Атап айтқанда, Қызылорда қаласында Тасбөгет кенті, Талсуат ауылдық округі, Арал ауданында Арал қаласы, Қаратерең және Қамыстыбас ауылдық округі, Қазалы ауданында  Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және Майлыбас ауылдық округі, Сырдария ауданында Бесарық, Шиелі ауданында Бестам, Жаңақорған ауданында М.Нәлібаев ауылдық округінің әкімі сайланады.

Таңғы сағат 07.00-де учаскелерде дауыс беру басталып, алғаш болып келген сайлаушыларға сыйлықтар үйлестірілді.

Барлығы 51 сайлау учаскесі құрылды. Мұнда 81 мыңнан аса сайлаушы дауыс беру құқығына ие.
10 желтоқсан 2023 ж. 355 0