Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Аmanat» өз кандидатын ұсынды

«Аmanat» өз кандидатын ұсынды

Сырдариялықтар 5 қарашада аудан әкімінің сайлауына қатысып, дауыс береді. Осыған орай саяси партиялар мен кандидаттар аудан әкімдігіне өз кандидатураларын ұсынуды бастады. Аптаның бейсенбісінде «АMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының кезекті ХХХХ конференция­­сы өтті. Конференция жұмысына облыстық партия филиалының төрағасы Н.Байқадамов, «АMANAT» партия­­сының аудандық филиал төрағасы Е.Әжікенов, Қазақстанның Еңбек Ері А.Ералиев және делегаттар қатысты.

Конференцияға аудандық партия фили­алына қарасты 24 бастауыш партия ұйымдарынан 200 делегат шақырылды. Жиынның күн тәртібінде «AMANAT» партиясының 2023-2027 жыл­дарға Сайлауалды бағдарламасының ауданда жүзеге асуы, сонымен қатар «AMA­NAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен Сырдария ауданының әкімі лауазымына кандидатура ұсыну мәселесі қаралды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бой­ынша аудан әкімі Б.Сәрменбаев атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Екінші мәселе бойынша аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Е.Жақып деле­гаттарға партия атынан аудан әкімі лауазымына ұсынылған үміткерлердің, атап айтқанда А.Есназар, Ж.Ембергенов пен Б.Сәрменбаевтың өмірбаянын таныс­тырды. Делегаттардың басым көпшілігі Б.Сәрменбаевтың кандидатурасын қол­дап, дауыс берді. Алдағы күндері ол аумақтық сайлау комиссиясына тір­кеуден өтеді.

Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, Қоға­лыкөл ауылындағы бастауыш партия ұйымының төра­ғасы С.Қаюпов және аудан­дық мәслихат депутаты, «Жастар Рухы» жас­тар қанатының аудандық бөлімшесінің төр­ағасы А.Ибрагимұлы сөз сөй­леп, пі­кір білдірді. Сая­­си маңызды нау­қанға сыр­да­риялық­тардың бел­сен­­ді­лікпен, жауап­кер­ші­лікпен қа­­тысатыны­на сенім артып, тілек­тестігін біл­дірді.

Мұнан соң партияның облыстық филиалының төрағасы Н.Байқадамов Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде жүзеге асып жатқан тікелей сайлау жүйесі – саяси реформаларды тереңдете түсетінін атап өтті.

– Өздеріңіз білесіздер, біз ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы бойынша біраз тәжірибе жинақтадық. Сайлау арқылы әкім болған азаматтар өңірімізде жемісті еңбек етуде. Президент Жолдауындағы тапсырмаға сәйкес биыл бұл демократиялық үрдіс аудан әкімдерін сайлау ісіне жалғасып отыр. Облысымыздағы Сырдария және Шиелі аудандарының әкімін тікелей сайлауға дайындықты бастап кеттік. Тікелей сайлау жүйесі – саяси реформаларды тереңдете түседі деп сенеміз, – деді партияның облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов.

Конференцияны қорытындылаған «АMANAT» партия­­сының аудандық филиал төрағасы Е.Әжікенов 5 қараша­да өтетін сайлауға аудан халқы жауап­кершілікпен, белсенділікпен қатысу қажеттігін айтты.

«Тт» ақпарат
30 қыркүйек 2023 ж. 295 0