Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық кеңесте екі мәселе қаралды

Қоғамдық кеңесте екі мәселе қаралды

Аудандық «AMANAT» партиясы филиалының мәжіліс залында партия филиалы жанындағы әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Қоғамдық кеңес отырысын аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Еркебұлан Жақып ашып, күн тәртібіндегі мәселелерді таныстырды.

1. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Сырдария ауданы бойынша жол картасындағы «Тең мүмкіндіктер құру» бағытының орындалуы.

2. Сырдария ауданы бойынша жол картасы «Әлеуметке бағдарланған аудан» бағытындағы «Бұқаралық спорт үшін жағдай жасау» пунктінің ауданымыздағы орындалуы.

Күн тәртібі бірауыздан бекітілген соң, баяндамашылар атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Отырыс қорытындысымен шешім қабылданды.


"ТТ" ақпарат
22 шілде 2022 ж. 355 0