Қазақ балуаны АҚШ-та әлем чемпионы атанды
Еркін күрес шебері Мерей Базарбаев АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.Мерей Базарбаев жарыс жолын сәтті жалғастырып, финалға дейін бірнеше мықты қарсыласынан басым түсті. Алдымен жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы, америкалық Люк Лилледальды 3:1 есебімен ұтты. Одан кейін франциялық Расул Галбураевты 13:2 есебімен жеңді.
Ал жартылай финалда жапониялық Дайто Кацумэні 7:0 есебімен айқын басымдықпен ұтып, финалға жолдама алды.
Бұған дейін семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогінде топ жарды.










