Каспий теңізінің түбімен цифрлық магистраль тартылды
Қазақстан мен Азия және Еуропа арасындағы деректерді жеткізудің қосымша бағыты пайда болады. Бұл еліміздің халықаралық интернет байланысын нығайтып, цифрлық экономиканың дамуына жағдай жасайды, деп хабарлайды Egemen.kz.Жоба «Қазақтелеком» мен Әзербайжанның «AzerTelecom» компаниясының бірлесуімен жүзеге асырылды.
Жаңа желі Қазақстанды, Орталық Азияның басқа елдерін және Қытайды Еуропамен байланыстыратын халықаралық деректерді жеткізу маршрутының бір бөлігіне айналады. Болашақта оны Қара және Жерорта теңіздеріндегі кабельдік жүйелермен байланыстыруға болады.
Еліміз үшін бұл жаңа инфрақұрылым бұлтты сервистерді, деректерді өңдеу орталықтарын және жасанды интеллектіні дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар халықаралық байланыстың нығаюы ірі технологиялық компаниялардың Қазақстанға деген қызығушылығын арттырады.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жобаның екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа форматына жол ашатынын атап өтті.
Ал Ильхам Әлиев жаңа байланыс желісін Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және басқа да өңірлердің елдері пайдалана алатынын айтты.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты.









